{metadescription}
Жүзуден Сингапурдегі әлем кубогында отандастарымыз екі бірдей рекорд орнатты

Жүзуден Сингапурдегі әлем кубогында отандастарымыз екі бірдей рекорд орнатты

Сингапурдегі жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңінде отандастарымыз сәтті өнер көрсетті. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде Қазақстан құрамасы екі бірдей рекорд орнатқан. 

Аделаида Пчелинцева 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде 01:07.74 көрсеткішімен жаңа рекорд тіркеді. Ал, Ғалымжан Балабек 400 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты. Оның көрсеткіші – 03:47.52.

Сондай-ақ Егор Попов әлем кубогы кезеңінің финалында 200 метр қашықтықта арқамен жүзуде 5-орыннан көрінді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.