Қазақстан шекарасында 57 шетелдік ұсталды
ҰҚК Шекара қызметі қазанда мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1435 әрекетін тіркеді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
19:10 01.11.2024
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: Шекара кеңістігінде 4 640 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады, соның ішінде:
- 27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
- 30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
"Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту дерегінің алдын алынды, оның ішінде: 41 факт – есірткі заты; 91 факт – ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер); 23 факт – діни әдебиет (2 001 дана); 459 факт – жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам); 616 факт – жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 миллиард теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 миллион теңгеден астам); 204 факт – жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден астам шетел валютасы", - делінген хабарламада.
Каспий акваториясында 57 браконьерлік дерегінің алды алынған, сондай-ақ: 31 дана – жүзу құралы; 70 шақырым тор – браконьерлік аулау құралы; 299 дана (1 765,1 келі) – бекіре тұқымдас балық; 904 дана (2 165 келі) – таза тұқымдас балық; 13 дана – итбалық.
"Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 миллион теңге болады. Бұл деректер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай-да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр".
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!