Бүгін түнде екі облыста өрт болып, мал іздеуге шыққан ер адам жоғалып кеткен – ТЖМ
Алматы облысының Қарасай ауданының Көкөзек ауылында жиһаз цехына жабдықталған бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Төтнше жағдайлар министрлігі
08:30 04.11.2024
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 416 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Сондай-ақ бүгін түнде Жетісу облысының Текелі қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында 21 шаршы метр алаңда монша мен ас үй жанған. Өртті сөндіру барысында ТЖМ күштері 2 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Ал, Ақтөбе облысыннад құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды тәулік бойы іздеді. Байғанин ауданы, Миялы ауылдық округіне қарасты шаруа қожалығының жұмысшысы мал іздеуге шығып, хабарсыз кеткен.
Жоғалған 1961 жылы туған ер азамат Миялы ауданынан 80 км жерде аман-есен табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!