{metadescription}
Екібастұзда жылына миллион тонна болат өндіретін зауыт салынады

Екібастұзда жылына миллион тонна болат өндіретін зауыт салынады

 «Railways Systems KZ» компаниясы Екібастұзда жаңа буынды электрометаллургиялық зауыт салуға ниетті.

Құрылысы 208 млрд теңгеге бағаланатын кәсіпорын ашылса, жаңадан 1000 жұмыс орны пайда болады. Кеншілер қаласының индустриялық аймағында жылына 1 млн тонна жоғары технологиялық болат өндіретін жаңа зауыт салынады деп күтіліп отыр. «Railways Systems KZ» компаниясы бұл жобаға 208 млрд теңге қаражат құймақ ниетте.

- Кәсіпорында 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Бұл жоба біздің өңір үшін жоғары шекті кластерлерді құруға бағытталған басымдықтардың бірі болмақ. Жоғары технологиялық кәсіпорын Екібастұздың әлеуметтік-экономикалық дамуын күшейтеді. Зауыттың әу бастан жоғары экологиялық және әлеуметтік стандарттарды ескере отырып жобалануы маңызды болып отыр,- деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігінен.

Металлургия зауытының ашылуы 2028 жылға жоспарланған. Металлургия өнімдерінің 40%-ға дейінгі көлемін ТМД және Еуроодақ елдеріне экспорттау көзделіп отыр. Жоба электрометаллургия саласындағы ірі еуропалық инжинирингтік компаниямен бірлесіп іске асырылады. Озық технологиялардың көмегімен балқыту және легирлеу процесі әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда 20-50%-ға дейін жеделдетіледі. Осының арқасында энергия қуатын тұтыну жартылай азаяды.

Аталған жоба бойынша Павлодар облысының әкімдігі мен «Railways Systems KZ» ЖШС компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.