Алматыда тозығы жеткен тағы бір жылу құбыры ауыстырылды
Алматыда 48 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр жаңартылды.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
12:33 04.11.2024
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, Қожанов көшесінің бойымен Радостовец көшесінен бастап Е.Серкебаев даңғылына дейін және Есқараев көшесінің бойымен Розыбақиев көшесінен бастап Е.Серкебаев даңғылына дейін төселген құбыржолды ауыстыру жұмыстары аяқталды.Осы жылы жаңғыртылған учаскенің ұзындығы — 1 097,5 метр.
«Ауыстырылған құбыржол 1976 жылы пайдалануға енгізілді және қазіргі уақытта 19 көппәтерлі тұрғын үйлерді, 2 балабақшаны және басқа да 39 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ ыстық су берудің үлестірілуін қамтамасыз етеді және «Орбита» мен «Южный» қазандықтарын бір-бірімен байланыстырады», — делінген хабарламада.
Қалада биыл 20 км жылу жүйесі жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары жыл сайын жылыту маусымына дейінгі кезеңде жүргізіледі. Бұл жұмыстар Алматының 6 ауданында өтті. Жылу жүйелері қайта жаңартылған учаскелердегі көріктендіру жұмыстары ауа райына байланысты кезең кезеңімен жүзеге асырылады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!