Өскеменде 17 жастағы бойжеткен өзіне қол салды
Өскемен қаласында 17 жастағы бойжеткен суицид жасады.
15:08 04.11.2024
Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсау фактісіне байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Марқұм толық емес отбасынан шыққан. Алдын ала дерек бойынша оның суицидке баруына жауапсыз махаббат себеп болды. 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырып кеткен», - делінген ақпаратта.
Өскеменде өз өмірін қиюға оқталған кәмелеттік жасқа толмаған балалар саны биыл күрт көбейген.
«Осы жылдың басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 22 адам суицид жасамақ болса, биыл бұл көрсеткіш 7 адамды құраған. Балалардың бұл қадамға баруының себептері әртүрлі. Көбінесе отбасындағы жанжал, оқудағы қиындықтар, достарымен қарым-қатынастағы кикілжіңдер», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!