{metadescription}
Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингіде 58 саты жоғары көтерілді

Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингіде 58 саты жоғары көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жария еткен әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны анықталды.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина 5-орнында қалса, Юлия Путинцева 28-ден 29-ға сырғыды.

Жібек Құламбаева 322-ден 324-ке, Сандуғаш Кенжебаева 866-дан 896-ға төмендесе, Зарина Дияс 388-ден 381-ге шықты.

Жаңартылған рейтингіде ерекше көтерілген 19 жастағы Аружан Сағындықова болды. Өткен аптада Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің ширек финалына дейін жеткен А.Сағындықова 1040-тан 982-ге (+58) жоғарылап, ТОП-1000-ға кірді. 

Сондай-ақ тағы бір жас теннисші Соня Жиенбаева 660-тан 639-ға (+21) көтерілді.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыша 22-орында келеді.

Бүгін Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирінде екінші ойынында әлемнің 7-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен шеберлік таластырады. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 17.30-да басталады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.