Абай облысында орташа жалақы 340 мың теңгені құрады
9 ай қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі байқалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндені баспасөз мәслихатында осы өңірдің әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлім етті.
16:49 04.11.2024
«Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы – 105,3% құрады. Елеулі өсім құрылыс саласында - 131,6%-ға, өнеркәсіпте – 102,6%-ға, ішкі саудада – 110,5%-ға, ауыл шаруашылығында – 106,4%-ға артты, сондай-ақ инвестицияларда 100,5% деңгейінде тіркелді», - деді Н. Ұранхаев.
Оның айтуынша, аталған мерзімде 237 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2 мың отбасы баспаналы болды.
«Орташа айлық жалақы екінші тоқсан қорытындысы бойынша 12,3 пайызға өсіп, 340 мың теңгені құрады. 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 294,9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке - 197 млрд теңге, жергілікті бюджетке - 97,8 млрд теңге. Өсу қарқыны 26,5 пайызды құрады», - деді облыс әкімі.
Биыл облыс бюджетінің көлемі 480,8 млрд теңгені құрады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!