{metadescription}
Оралда топ болып төбелескендер ұсталды

Оралда топ болып төбелескендер ұсталды

Орал қаласында түнгі клубтардың бірінде жас жігіт екі адамды пышақтады.

БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Болатбек Ақшауовтың мәлім еткеніндей, 3 қараша күні таңғы сағат 00.05 шамасында түнгі клубқа жас жігіт кірмекші болған.

Алайда күзетшілер оның мас күйде екенін көріп және өзін дөрекі ұстағандықтан, клубқа кіргізбеген. Содан кейін аталған жігіт клубқа келген бір азамат пен күзет қызметкеріне пышақ жарақатын келтірген.

«Бір топ келушілер мен күзетшілер жігітті жанар-жағар май стансасы маңында ұстап, полиция қызметкерлері жеткенге дейін соққыға жыққан. Жігітке қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сондай-ақ бұзақылық дерегі бойынша мекеме күзетшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық қатысушыларын анықтап, қолға түсірді. Тергеу амалдары жүргізілуде», деді Б.Ақшауов. 
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада VenOil жанар-жағар май құю стансасы аумағында бір топ адамның біреуді дубинкамен ұрып жатқаны анық көрінеді. Тапаншадан оқ атылғаны да естіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде