Бейсембаев Өзбекстанның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Оқу-ағарту министрі Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Бахтиер Ибрагимовті қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
11:49 05.11.2024
Кездесуде Ғани Бейсембаев ресми Астана мен Ташкент арасындағы білім саласы бойынша екіжақты ынтымақтастықты тиімді жалғастырудың және кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Министр екі елдің педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша өзара ықпалдастық құру туралы ұсынысын білдірді.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!