Құтқарушылар «Самара-Шымкент» тас жолында 35 адамды эвакуациялады - ТЖМ
Ақтөбе облысы «Самара-Шымкент» тас жолында Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларында тұратын 38 жолаушысы бар автобус сынып жолда қалды.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
11:51 05.11.2024
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жолаушылар Ырғыз ауылына аман-есен жеткізілді, оларға қажетті қолдау көрсетілді.
Оралда ТЖМ құтқарушылары пәтерде құлыпталып қалған балаға көмекке келді. Орал қаласы Орақбаев көшесі бойында екі жасар бала кездейсоқ пәтерде құлыпталып қалған, ал баланың ата-анасы алыс жерде болған. Құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып есікті ашты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!