Алматыда 7 балдан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдығы төмен
Биыл магнитудасы 5,5 асатын, сілкініс қарқыны эпицентрінде 7 балдан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдығы төмен, деп жазады kazinform. Бұл туралы Сейсмология ғылыми-зерттеу орталығы мәлім етті.
Фото: Елизавета Есенжігітованың жеке архивінен
12:38 05.11.2024
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітованың айтуынша, сейсмолог мамандар, Алматы аймағында күшті жер сілкінісін болжаудың үш мерзімді болжам-байламын жасайды.
«Биыл жыл басында Алматы сейсмикалық қауіпті өңірі үшін 2024 жылға арналған орта мерзімді болжамы жасалды, болжам бойынша жыл барысында магнитудасы 5,5 асатын, сілкініс қарқындылығы эпицентрінде 7 баллдан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдылығы төмен»,- деп жауап берді Елизавета Есенжігітова Кazinform тілшісінің сауалына.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!