{metadescription}
Ақтауда күшті жел тұрып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды

Ақтауда күшті жел тұрып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды

Салдарынан бағдаршамдар өшіп, көшелерде кептелістер болды. Ақтау электр желілері станциясының мәліметінше, жарықтың өшуі МАЭК кәсіпорнының желісінде болды. Қазіргі кезде МАЭК тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Күшті желдің салдарынан кейбір тұрғын үйлердің құрылыс материалдары ұшып, тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Сондай-ақ, бірнеше аялдаманың шатыры ұшқан. Салдарынан Маңғыстау облыстық аурухананың қабылдау бөліміне түрлі дене жарақытымен 3 адам жеткізілген.

«Аурухана қабылдау бөлімінің «Жарақат пунктіне» жедел жәрдем көмегімен 2 науқас және өздігінен 1 науқас жеткізілді. Олардың 2-уі 1 шағынауданда аялдаманың құлауы салдарынан зардап шеккен. Тағы бір тұрғын әскери бөлімнен келді. Оларды бейінді дәрігерлер қарап, қосымша зерттеу жүргізілуде. Жағдайлары орташа ауыр», - делінген аурухана баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақтау электр желілері станциясының мәліметінше, қазіргі уақытта электр желесін жөндеу жұмыстары аяқталып, шаһарға жарық берілген.

5 қараша күні сағат 11.29-де күшті желдің салдарынан «МАЭК» ЖШС электр станциясы шиналарынан шығатын жеті кернеуі 110 кВ электр беру желілері және кернеуі 35 кВ үш электр беру желілерінде ажырау орын алды. Сағат 11.41-де олардың біреуі қосылды. Сағат 11.48–де екіншісі, сағат 12.02-де қалған барлық желілер қосылып, «МАЭК» ЖШС тарапынан электрмен жабдықтау режимі толығымен қалпына келтірілді.

 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде