{metadescription}
Мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Түркияның Измитте орналасқан ең ірі мұнай өңдеу зауыты TÜPRAŞ-да күшті жарылыс болды.

Коджаэли қалалық муниципалитетінің мэрі Тахир Бююкакынның мәлімдеуінше, жарылыс жоспарланған жаттығу кезінде болған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жарылыстан кейін зауыт аумағынан өрт шықты. Билік мәліметінше, ол тез арада ауыздықталып, бақылауға алынды.

Қазіргі кезде зауыт мамандары мен қауіпсіздік қызметі болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жарылыстың нақты себебін анықтап жатыр. Зауыттағы жағдай қалыпқа келтірілді, кәсіпорын жұмысы штаттық режимде жалғасады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.