{metadescription}
Екібастұзда тойда уланғандар мейрамхана иесінен 6 млн теңге өтемақы талап етіп отыр

Екібастұзда тойда уланғандар мейрамхана иесінен 6 млн теңге өтемақы талап етіп отыр

Биылғы сәуір айында той үстінде тамақтан уланып қалған 16 адам Екібастұздағы «Grand Hall» мейрамханасының иесінен жалпы сомасы 6 млн теңге талап етіп отыр, деп жазады kazinform.

Олар жергілікті сотқа ұжымдық талап арыз түсірген. Биылғы сәуір айында Екібастұзда тойға жиналған қонақтар астан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Оқиғадан соң Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 90-ға жуық адам қаралған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың барлығында тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері болған.

Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірованың айтуынша, тамақтан ұшынған 16 адам мейрамхана иесін сотқа беріп, матеиалдық және моральдық шығын өндіріп алмақ ниетте.

— Бұл азаматтардың барлығы улану оқиғасынан соң екі аптадай стационарлық ем қабылдаған. Қымбат дәрі-дәрмек сатып алған. Ауруға байланысты жұмыста бола алмай, табыстарын жоғалтқан. Қазір сот істі қарап жатыр. Аталған тойда барлығы 94 адам тамақтан уланғаны анықталып отыр. Біразынан сальмонеллоз анықталды. Мейрамхана сол уақытта рұқсатсыз жұмыс істеп тұрғаны да белгілі болған. Сальмонеллоз сонда жұмыс істейтін қызметкерден жұққан, — дейді Н.Әубәкірова.

Қазіргі уақытта полиция кәсіпкерлік нысанын тексеріп жатыр. Құқық қорғаушылар аталған оқиғада қылмыстық әрекеттің болу-болмауын анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде