{metadescription}
Алматыда қанша жасөспірім папиллома вирусына қарсы екпе алды

Алматыда қанша жасөспірім папиллома вирусына қарсы екпе алды

Алматыда 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынып жатыр.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтты.

«Қалада 11 жастағы 1 724 қыз вакцинацияланды, ал қосымша иммундау шеңберінде 12 және 13 жастағы 2 340 жасөспірім екпе алды. Вакцинация ата-аналардың тек жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. Процедурадан бұрын әр баланы қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін дәрігер тексереді. Бүгінге дейін қыздарда екпінің ешқандай кері әсері байқалған жоқ», - деді спикер.

Айтуынша, вакцинацияны Алматы мектептеріндегі көшпелі медициналық бригадалар жүргізіп жатыр, олар 41 медициналық ұйымға бекітілген және 251 мемлекеттік және жекеменшік мектепті қамтиды. 

«HPV-ге қарсы вакцинация Үкіметтің 2024 жылғы ақпанда қабылданған қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілген. Бағдарлама ДДҰ, ЮНИСЕФ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен республикалық бюджет қаражатына іске асырылуда», - деп атап өтті Қасымхан Алпысбайұлы. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде