{metadescription}
Қонаевта құбыр жарылып, біраз үй жылу мен ыстық сусыз қалды

Қонаевта құбыр жарылып, біраз үй жылу мен ыстық сусыз қалды

Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында № 2 шағын аудан тұрғындары ыстық су мен жылусыз отыр.

Оған тұрғын үйлердің бірінде құбыр жарылуы себеп болған. Қаланың «Жылу орталығы» мекемесі бүгін кешкі 18:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүретінін хабарлады.

— № 2 тұрғын үй жертөлесіндегі транзиттік кұбырдағы жарылысты жою үшін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2024 жылдың 7 қараша күні сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін № 2 шағын ауданда, 2, 3, 4, 5, 6, 6а, 6б, 7, 38, 37, 36, 35, 34, 33, 32, 31, 29 үйлерінде жылу және ыстық су өшірілетінін хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жағдайды түсінуді өтінеміз. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу мен ыстық су қайтадан беріледі, — деп хабарлады «Жылу орталығы» мекемесінен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде