Павлодарда күшті жел салдарынан үстіне ағаш құлаған әйел жан тапсырды
Павлодардағы аулалардың бірінде қатты желдің екпінінен ағаш құлап, 1957 жылғы әйелді басып қалған.
Фото: видеодан алынған кадр
12:40 07.11.2024
Ол оқиға болған жерде көз жұмды. Жазатайым оқиға бүгін таңертеңгілік, Павлодар қаласы Естай көшесі 89/1 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің ауласында болған.
«Бүгін сағат 09.37-де Павлодар қаласы Естай көшесіндегі тұрғын үйлер ауласының бірінде әйел адамды құлаған ағаштың басып қалғаны туралы хабар түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. 1957 жылғы әйел адам зардап шеккен. Зардап шегушінің екі аяғы, көкірек тұсы, жамбас сүйектері, омыртқасы сынған, ішкі ағзалары жарақаттанған, 3-4-дәрежедегі жарақат шогын алған. Өкінішке қарай, ол алған жарақаты салдарынан көз жұмды» - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.
Қазіргі уақытта Павлодар облысының аумағында жылдамдығы секундына 25-30 метрге дейін жететін дауыл соғып тұр.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!