{metadescription}
Қарағанды облысында боранда далада қалған 7 адам құтқарылды

Қарағанды облысында боранда далада қалған 7 адам құтқарылды

Қарағанды облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қар құрсауынан 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Таңертең Осакаровка ауданында Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі 7 адамды, оның 5-і баланы қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.

ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Ақтөбе облысында күннің бұзылуына байланысты ТЖД бөлімшелері 23 рет жолға шығып, оған 200-ге жуық қызметкер мен 40-тан астам техника тартылды. Нәтижесінде 6 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала, 5 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. 42 адам қауіпсіз жерге жеткізілді.

«Күннің бұзылуына байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жұмыс атқаруда», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде