Қарағандыда қатты желден үйлердің шатыры ұшып, 1 500 тұрғын жарықсыз қалды
7 қарашада Қарағандыда ұйытқып соққан қатты желдің салдарынан электрмен жабдықтау жүйесінде технологиялық ақаулар пайда болды.
Фото: pixabay.com
13:26 07.11.2024
«Қарағанды Жарық» ЖШС мәліметінше, сағат 09:30-да «Жаңа қала» қосалқы станциясында №14 фидер істен шығып, салдарынан Жамбыл, Сәтбаев, Абай, Костенко және т.б. көшедегі үйлердің электр жарығы өшіп қалды. 1 450 жеке және 43 заңды тұлға жарықсыз қалды. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындаған. Алайда барлық команда күшейтілген режимге көшті. Сағат 10:45-ке қарай үйлерге жарықты жартылай қосуға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде жұмыс жалғасып жатыр.
Сонымен қатар әкімдіктің хабарлауынша, қалада көпқабатты 3 үйдің шатыры ұшып кеткен. Атай айтқанда, «Сырдария» тұрғын үй кешеніндегі үйдің шатыры зақымданған. Сондай-ақ Голубые прудыдағы шатырлар жабылып, басқа жерлердегі қауіпті элементтер жойылды.
Қазіргі кезде жағдай толық бақылауға алынды. Құзырлы органдар апаттың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!