Ақтөбеде үйде қамалып қалған екі кішкентай бала құтқарылды
Оқиға облыс орталығының көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.
Фото: unsplash
14:04 07.11.2024
Екі бала ата-анасы көшеге шығып кеткенде есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz. Амалы таусылған ата-ана "112" көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен терезенің торын босатып, сол арқылы пәтерге енді.
Пәтерге кірген тұста қорқып қалған сәбилердің жылаған дауыстары естілді. Сәбилер зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке де мұқтаж болмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!