{metadescription}
Қатты желден елорданың бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Қатты желден елорданың бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарынан жарықпен қамтуға қатысты өтінімдер келіп түсіп жатыр. Бұл туралы «Астана-АЭК» АҚ-ның хабарламасында айтылған. 

«Қазір апаттық қызмет мамандары Сарыарқа және Алматы ауданында 10 кВ жарық желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. (Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының оң жағы). Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазір 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істейді, 2 арнайы техника жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде