Ақтөбе облысында 56 шетелдік жолаушы жолда қалып қойған
Ақтөбе облысында полицейлер жолда қалған автобус жүргізушісі мен шетелдіктерге көмектесті. Бұл туралы Polisia.kz ресми сайтында хабарланды.
Фото: polisia.kz Видео кадры
15:38 07.11.2024
Елімізде ауа райы күрт нашарлады. Салдарынан кеше түнде Ақтөбе облысында республикалық жолдар жабылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін полиция қызметкерлері жол қозғалысын реттеп, көлік жүргізушілеріне көмектесіп жатыр.
7 қарашада Қалыбай ауылының маңындағы Самара — Шымкент тасжолында Ресейден Тәжікстанға бағыт алған Van Hool рейстік автобус жолда тұрып қалды. Салонда 56 шетелдік жолаушы, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала болды.
«Тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялап, кемпингке орналастырды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ», — делінген ведомство хабарламасында.
Полиция қызметкерлері азаматтарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда барынша сақ болуға шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!