16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынады
Австралия үкіметі келесі жылдың аяғында 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу туралы заң шығаруы мүмкін.
16:43 07.11.2024
Сингапурдың 8world.com ақпарат құралдарының хабарлауынша, Австралия премьер-министрі Энтони Албанесе жақында өткен баспасөз мәслихатында әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалану жастардың физикалық және психикалық денсаулығына әсер ететінін атап өтті.
Сондықтан Австралия үкіметі қазіргі уақытта балалардың әлеуметтік медиа платформаларын пайдалануына жол бермеу үшін өте қатаң шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.
Тиісті шаралар жас шектеулерін орнатуды қамтиды.
Facebook, Instagram, TikTok, X және YouTube сияқты негізгі әлеуметтік медиа платформаларына Австралия үкіметі шектеу қоюы мүмкін.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!