{metadescription}
Қор нарығында доллар шамалы қымбаттады

Қор нарығында доллар шамалы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,02 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 492,22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше,қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 494 теңге.Еуро 529 — 533 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 490 теңге, сатып алу құны – 495 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,97 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,14 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге.Еуро — 528,85.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.