Павлодардағы дауыл: жекелеген аумақтарда төтенше жағдай режимі жарияланады
Дауылды желдің салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймақтарында, сондай-ақ, Ақтоғай мен Баянауыл аудандарында 12 әлеуметтік нысан мен әкімшілік ғимараттың, 31 көпқабатты және 3 жеке тұрғын үйдің төбе жабыны мен қасбетіне зақым келген.
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform
19:25 07.11.2024
Павлодар облысының аумағында екпіні секундына 28-30 метрге дейін жететін дауыл әлі де соғып тұр.
Облыс әкімдігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі ағымдағы ахуал талқыланды.
«Дауылдың салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймақтарында, сондай-ақ, Ақтоғай мен Баянауыл аудандарында 12 әлеуметтік нысан мен әкімшілік ғимараттың, 31 көпқабатты және 3 жеке тұрғын үйдің шатыры мен қасбетіне зақым келген. Зардап шеккен қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жедел түрде Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың отырыстарын өткізу және келтірілген залалды бағалау мен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы қажетті шешімдер қабылдау тапсырылды. Электрмен жабдықтау желілерінде 120 апаттық өшіру орын алды, оның 69-ы жойылды. Қалғандарында жұмыстар жалғасуда. 68 апаттық бригада (180 адамнан астам) және 62 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!