{metadescription}
Елордада қатты жел: тәулік ішінде 100-ден аса жол апаты болды

Елордада қатты жел: тәулік ішінде 100-ден аса жол апаты болды

Астана қаласының Полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты азаматтарды жолда мұқият болуға шақырады.

«Өткен тәулікте елордада 110 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты алдын ала төмендетуді сұраймыз», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерді де абай болуға шақырып отыр. 

«Жолдан өткен кезде көліктердің тоқтағанын күтіңіз. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау, өміріңізді сақтаудың кепілі», - дейді Полиция департаментінен. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде