{metadescription}
Биыл 33 ескерткішке ғылыми реставрациялық жұмыстар жүргізіледі

Биыл 33 ескерткішке ғылыми реставрациялық жұмыстар жүргізіледі

Елімізде тарихи-мәдени объектілерге мониторинг жүргізіліп отырады.

Ескерткіш, кесенелерді сақтау және ғылыми реставрациялық жұмыстарға жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті бізге ұсынған мәлімет бойынша, бүгінде елімізде 25 мыңнан аса тарихи-мәдени мұра объектілері бар.

Оның ішінде 12 мыңнан астамы республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, ал 13 мыңға жуығы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың алдын-ала есепке алатын тарихи-мәдени мұра объектілер қатарында. Ол дегеніміз зерделеуге және тиісті мәртебесін айқындауға жататын, жаңадан анықталған тарихи мәдени мұра объектілері.

Айта кетсек, тарихи-мәдени объектілердің ішіне ескерткіштер, кесенелер, монументтер, тарихи-мәдени кешендер жатады.

«Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 10 және 11-баптарына сәйкес олардың жағдайына мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг аясында жоғарыда көрсетілген мемлекеттік тізімдерден сақталу деңгейі төмендеген, техникалық жағдайы ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қажет ететін объектілер анықталып жатса, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу жөнінде мемлекеттік органдарға ұсыныс жолданып отырады», - делінген министрліктің агенттік жіберген сауалға жауабында.

Ведомствоның ақпаратында айтылғандай, жергілікті маңызы бар тарихи объектілерде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу тиісінше жергілікті бюджеттен, ал республикалық маңызы бар ескерткіштерде республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

«Биыл республикалық бюджеттен барлығы 33 ескерткішке ғылыми реставрациялық жұмыстар жүргізу қолдау тапты. Оның 9-ы кесене, атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи, Асан-ата, Оқшы-ата, Шоқай Датқа, Сүйінбай Аронұлы, Сырлытам және Жүсіп ата кесенесі», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі агенттік жолдаған Жошы хан кесенесінің іргетасы неге дымқыл деген сауалға жауап берген еді. Әлеуметтік желі қолданушысы Жошы хан кесенесінің қазіргі жағдайы туралы жазба жариялап, тарихи дүниеге көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде