Алматы көшелеріне тағы да 50 мың камера орнатылады
Алматы жыл соңына дейін бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 50 мың камера қосылады.
Фото: Алматы әкімдігі
09:17 08.11.2024
Бұл туралы мегаполистің цифрландыру басқармасы хабарлады. Жыл басынан бері қала әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды, ал 2025 жылға қарай олардың саны 70 мыңға дейін артады. Видеожазбалар 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардан алынды.
Сонымен қатар, Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің (АБК) 300 камерасы орнатылған. Осылайша, қазір 1 641 АБК жұмыс істейді. Бұдан бөлек, осы жылдың соңына дейін 71 денсаулық сақтау объектісінің аумағында «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру аяқталады. Осыған дейін Алматының бейнебақылау жүйелеріне адамның бет-әлпетін тану функциясы енгізілетіні туралы жазған едік.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!