Оралда балық аулауға кеткен жігіттің мүрдесі өзен жағасынан табылды
Орал қаласында Шаған өзені жағалауынан 21 жастағы жігіттің мүрдесі табылды.
15:48 08.11.2024
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға жас натуралистер станциясы маңында болды.
«Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сараптамаға жіберілді. Жігіттің өзен жағасында балық аулағаны анықталды. БҚО полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, барынша абай болу керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!