{metadescription}
Алаяқтарға алданған ақтөбеліктер 1 млрд теңге ақшасынан айырылды

Алаяқтарға алданған ақтөбеліктер 1 млрд теңге ақшасынан айырылды

Ақтөбе облысында биыл 700-ге жуық алаяқтық дерегі тіркелді. Шығын 1 млрд теңгеден асты.

Ақтөбеде әлі де интернет алаяқтарға алдынып жатқандар бар. Мұндай дерек күн сайын тіркеледі. Көбі 1414 нөмірінен келген хабарламаға сеніп, құпия кодты айтып береді.

«Ақтөбе облысы бойынша 700-ге жуық қылмыстық іс тіркелді. Қазір 203 қылмыстық іс аяқтылып, сотқа жіберілді. Тұрғындарға келтірілген шығын 1 млрд теңгеден асады. Ақтөбе қалалық полиция басқармасының Киберпол қызметкерлермен бірге 18,7 млн теңге қайтарылды. Сонымен бірге 150-ге жуық банк есепшоты бұғатталды», - деді Ақтөбе облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Бақдәулет Балмурзин.

Оның айтуынша, зат сатып алу үшін белгісіз сілтемеге өтіп, ақшасынан айырылып қалғандар көп. 

«QR код арқылы төлегенде де абай болу керек. Сонымен бірге оңай жолмен ақша таппақ болып, инвестиция салады. Ақшаны еселеймін деп 4-5 ай бойы алдынып жүреді, кейін полициядан көмек сұрайды. Полиция, ҰҚК, Ұлттық банк қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы қоңырау шалмайды. Осыны да есте ұстау керек», - деді Бақдәулет Балмурзин. 

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде