{metadescription}
Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 9, 10 және 11 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Синоптиктер болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон жауып, сондықтан тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қар жауады; батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын - жаңбыр, қарлы боран мен көктайғақ болады. Елдің көп бөлігінде секундына екпіні 15-29 метр қатты жел соғады. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады деп болжанған", - делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 8-13 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.