{metadescription}
Тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Ақтөбе облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлері қазір күйік шалған, жарақат алған екі адамды емдеп жатыр. 

"Екі науқастың да жағдайы тұрақты ауыр. Бір науқастың қолын күйік шалған. Оның мойын омыртқасы сынған. Екіншісі науқастың кеуде тұсы, өкпесі зақымданған. Оның да қолын күйік шалған", — деді Көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Азамат Турушев. 

Еске салсақ, бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кетті.

Бортта үш адам болған. Оның біреуі оқиға орнында көз жұмды

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде