Павлодар облысында үлкен дүкен өртеніп кетті
Павлодар облысының құтқарушылары жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
08:47 10.11.2024
Бүгін түнде кезекшінің пультіне Павлодар облысы Ертіс ауылында дүкеннің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дереу бір қабатты дүкендегі қызыл жалынды сөндіруге кірісті.
— Отты ауыздықтау жұмыстарына екпінді жел мен боран күрделендірді. Сағат 07:22–де жалпы 470 ш. м. ауданды шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!