Алматының ойын-сауық нысандарынан 114 бұзушылық анықталды
Алматыдағы ойын-сауық нысандары тексеріліп, 114 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Видеодан скриншот
13:15 10.11.2024
Қарашаның 8-нен 9-на қараған түні Алматы қаласының полиция қызметкерлері темекі өнімдерін пайдалану бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында тексеру жүргізді.
— Нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 114 хаттама жасалды. 162 кальян тәркіленді, — делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!