{metadescription}
Халықаралық Қызыл Крест комитеті Қазақстанға алғысын білдірді

Халықаралық Қызыл Крест комитеті Қазақстанға алғысын білдірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевичпен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

— Б.Милошевич Қазақстанға ХҚКК-ның гуманитарлық миссиясынорындауда тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ол Қазақстан өз азаматтарын қарулы қақтығыстар аймақтарынан, атап айтқанда Сирия мен Ирактан қайтару жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады, — делінген министрлік хабарламасында.

Қазақ дипломаты ХҚКК-ның гуманитарлық миссиясының маңыздылығына назар аударып, биыл әлем мерекелеп жатқан Женева конвенцияларының 75 жылдығы мен оның рөлін ерекше атап өтті. Еліміздің Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қозғалысымен бірлескен жұмысының жалғастыруына бейілдік расталды.

Тараптар Қазақстан, Бразилия, Қытай, Франция, Иордания және Оңтүстік Африка Республикасы 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте жарияланған Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси қолдауды арттыру жөніндегі жаһандық бастама аясында одан әрі іс-қимылдарды талқылады.

Бұған қоса сұхбаттастар Орталық Азия, Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

ХҚКК — соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апаттар құрбандарына көмек көрсетуді мақсат еткен тәуелсіз ұйым. Ол 1992 жылдан бері Орталық Азияда қызмет атқарады, Ташкентте өңірлік өкілдігі және Астанада өкілдігі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде