{metadescription}
Биыл дәрі-дәрмекке бюджеттен 500 млрд теңге бөлінді

Биыл дәрі-дәрмекке бюджеттен 500 млрд теңге бөлінді

Амбулаториялық деңгейде 251 млрд теңгеге 3,5 млн пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова мәлім етті. 

«Биыл амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 474 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 26,7 млрд теңге қаражат жұмсалды. Амбулаториялық деңгейде 251 млрд теңгеге 3,5 млн пациент 120 нозология бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындары дәрілік заттарды емін-еркін алуы үшін медициналық ұйымдар базасында 172 дәріхана және 694 жеке дәріхана, сондай-ақ 15 жылжымалы дәріхана пункттері ұйымдастырылды. Пациенттердің стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес орталықтандырылған және дербес сатып алу арқылы жүзеге асырылады», - деді А. Әлназарова. 

Оның айтуынша, осы жылы орталықтандырылған сатып алу көлемі 241 млрд теңгені құрады.

«Алайда стационарлық деңгейде дәрілік заттарды және медициналық құралдарды өздігінен сатып алу процестері қағаз жүзінде жүргізілетіндіктен, олардың шығындарына талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық ұйымдардың дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды сатып алуы Қаржы министрлігінің Электрондық қаржыландыру орталығының веб-порталында жүзеге асырылады», - деді министр. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.