Тікұшақ апаты: Жансақтау бөлімінде жатқан екі адам палатаға ауыстырылды
Ақтөбеде тікұшақ апаты кезінде жарақат алған екі әскери қызметкердің жағдайы әлі де дәрігерлер бақылауында. Екі науқас та жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
15:09 12.11.2024
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі екі науқастың жағдайы туралы айтты.
"Екі пациент палатаға ауыстырылды. Жарақаттарына байланысты екеуінің де жағдайы орташа ауыр. Қазір ем алып жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кетті. Бортта үш адам болған. Оның біреуі оқиға орнында көз жұмды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!