Алматыдағы тау бөктерінде салынған ірі нысан бұзылды
Мегаполисте құрылысқа, әсіресе таулы аймақтағы құрылысқа бақылауды күшейту жұмыстары жалғасып жатыр.
Фото: Алматы әкімдігі
19:13 12.11.2024
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше,«Қорғаушы-Защитник» бау-бақша серіктестігінде (уч. 62/4 (98)) үш қабатты ғимарат рұқсат құжаттарынсыз салынған.
«Жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз,сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз бір учаскеде үш қабатты және бір қабатты күрделі құрылыстар тұрғызылған.Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталды»,- деп хабарлады басқармадан.
2024 жылдың 19 шілдесінде басқарма жер учаскесінің иесіне (жеке тұлғаға) заңсыз құрылысты бұзып, жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берген..
Нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанның иесі ғимаратты өз еркімен бұза бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!