{metadescription}
Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі – Мәжіліс

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі – Мәжіліс

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Заң жобасын таныстырған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив саласына бірқатар өзгерістер енгізілді, деп жазады kazinform.

«Бұл заң жобасы негіздемелік сипатта 3 үлкен бағытты қамтиды. Бірінші, саланы реттейтін ұзын саны 9 заңға өзгерістер енгізіп, осыған орай олардың мақсатын, міндеттері мен принциптерін қайта анықтайды. Екінші, министрліктің құзыретін заңнамалық тұрғыдан шамадан тыс реттеу мәселесін шешеді. Атап айтқанда, бұрын заңнамаға министрлік мойнындағы міндеттерді, соның ішінде ішкі процедураларға және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты нормалар ендігі жерде министрліктің ережесімен реттелетін болады», - деді Аида Балаева Мәжілістің жалпы отырысында.

Министр айтқан үшінші маңызды жайт, креативті индустрия өкілдеріне мемлекеттік қолдау шаралары.

«Бүгін ұсынылып отырған заң жобасы креативті өндірісті қолдаудың нақты шараларын көздейтін мемлекеттік саясатты анықтайтын өзгерістерді ұсынады. Мәселен, Үкіметке осы саясатты жүргізу және осы саланы дамытуға жауапты заңды тұлғаларды анықтау сияқты нақты құзырет беруді көздейді», - дейді ведомство басшысы. 

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, аталған заң жобасы алдарыңызға келмес бұрын тиянақты түрде сараптамадан өтіп, барлық мүдделі тараппен талқыланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде