{metadescription}
Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі Қазақстанда ұйымдастырылады – Спорт министрі

Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі Қазақстанда ұйымдастырылады – Спорт министрі

Қазақстан боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі еліміздің аумағында ұйымдастырылуы мүмкін.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов әлемге танымал Қазақстан спортшыларының жекпе-жектерін елдің өңірлерінде ұйымдастыру мәселесін көтерді.

«Әлемдік деңгейде елдің назары ауып отырған спорт түрлерінде екі көкжалымыз бар. Біреуі - Шавкат Рахмонов, ал екіншісі - Жәнібек Әлімханұлы. Кезінде Геннадий Головкиннің бір жекпе-жегін Қазақстанда көруді армандап едік. Туризмді дамыту мақсатында Шавкат пен Жәнібек сияқты спортшылардың өз қарсыластарымен жекпе-жегін еліміздің өңірлерінде өткізетін мүмкіндік бар ма? Яғни, Астана мен Алматыдан басқа қалаларда», - деп сұрады депутат.

Өз кезегінде Ербол Мырзабосынов UFC 310 турнирінде Шавкат орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жұдырықтасуы жоспарланғанын, алайда америкалық-палестиналық жекпе-жек шебері денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмай қалғанын еске салды. 

«Шавкат Рахмонов тиісті дайындықтан өткен болатын. Өкінішке қарай, оның қарсыласының денсаулығына байланысты бұл жекпе-жек кейінге шегерілді. Ал Жәнібек Әлімханұлына тоқталсақ, спортшыға мемлекет тарапынан және азаматтардың қолдауымен келешекте елімізде бір жекпе-жегін ұйымдаструды ойластырып жатырмыз», - деді министр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде