Көкшетауда 22 жастағы жігітті неке қиған күнінде өлтіріп кетті
Көкшетауда ойын-сауық орындарының бірінде төбелес болып, 22 жастағы жігіт мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
15:36 13.11.2024
Қылмыс туралы Ақмола облысы ПД түсініктеме берді.
«12 қарашада Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кетті. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, ұсталды. Алты адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.
Желідегі ақпараттарға сүйенсек, қайғылы оқиға жас жігіттің неке қиған күнінде болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!