Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Дипломатиялық конференцияға елімізден делегация қатысуда
Қазақстан Республикасының делегациясы Үлгілер бойынша заңдар туралы шарт жасасу және қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференцияға қатысуда.
Фото: М. Мақажан\Әділет министрлігі
20:07 13.11.2024
2024 жылғы 11-22 қараша аралығында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Үлгілер бойынша заңдар туралы шарт (ҮЗШ) жасасу және қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференция өтеді.
Әділет министрі Азамат Есқараев бастаған қазақстандық делегация ҮЗШ-ның қорытындысы мен қабылдануы жөніндегі дипломатиялық конференцияның ашылу салтанатына қатысты. Ашылу салтанатында Азамат Есқараев инновацияларға жәрдемдесуде, шығармашылық әлеуетті қолдауда және экономикалық дамуды ынталандыруда маңызды рөл атқаратын өнеркәсіптік меншікті құқықтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Ол сондай-ақ, өнеркәсіптік үлгілерді жаһандық деңгейде қорғауды біріздендіру және жеңілдету үшін маңызды ҮЗШ-ын қабылдауға қолдау білдірді. Шартты қабылдау қазақстандық дизайнерлер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Шартты қабылдау бүкіл әлем бойынша үлгілерді құқықтық қорғауды алу рәсімін оңайлату арқылы қазақстандық дизайнерлер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Дипломатиялық конференцияға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттердің, сондай-ақ үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың атынан 900-ге жуық делегат қатысады.
Сонымен қатар, дипломатиялық конференция аясында Әділет министрі Азамат Есқараевтың Сауд Арабиясы Зияткерлік меншік басқармасының (Saudi Authority for Intellectual Property, SAIP) Бас директоры доктор Абдулазиз бин Мұхаммед Аль-Свайлмен және ДЗМҰ Бас директоры Дарен Тангпен кездесулері өтті.
Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтудағы маңызды кезеңге айналған SAIP-пен кездесуде тараптар екі мемлекетте де зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және ілгерілету үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Осы салада тәжірибе алмасуға және оқытуға ерекше көңіл бөлінді.
ДЗМҰ-мен кезекті кездесу ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және екі тараптың да зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ұмтылысын растады. Тараптар құқықтық қорғаудың тиімді тетіктерін құру үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ инновациялық әлеуетті дамытуға және зияткерлік құқықтарды құқықтық қорғауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асырудағы елеулі прогресті атап өтті.
Дарен Танг Орталық Азиядағы зияткерлік меншікті дамытудың негізгі факторы болып табылатын Қазақстанның оң тәжірибесін атап өтіп, Қазақстанның инновацияларды ілгерілетуде, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауда және озық құқықтық тәжірибелерді енгізуде өзін өңірлік көшбасшы ретінде танытқанын атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!