{metadescription}
Жетісулық құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған екі адамға көмекке келді

Жетісулық құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған екі адамға көмекке келді

2024 жылдың 14 қарашасына қараған түні Алакөл ауданында республикалық маңызы бар Қабанбай-Үшбұлақ автожолында адамдар бар автокөлік қар құрсауында кептеліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі екі адамды ақтүтек бораннан аман алып қалды. ТЖМ мәліметінше, оларға медициналық көмек қажет болмады.

"Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді",- деп мәлімдеді ведомство.

ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде