Жаркент гарнизонында офицер жарақат алып, көз жұмды
Офицер жоспардан тыс оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік шарасын сақтамау салдарынан мерт болды. Оқиғаны ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
17:42 14.11.2024
«14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ барысында қауіпсіздік шарасын сақтамау салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімінің офицері алған жарақаттан көз жұмды», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», - дейді әскери ведомстводан.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!