ШҚО-да ер адамның баласына алимент бойынша қарызы 10 млн теңгеден асып кеткен
Шығыс Қазақстан облысында ер адамның баласына алимент бойынша қарызы 10 млн теңгеден асып кеткен.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
08:38 15.11.2024
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласында полицейлер алимент төлемейтіндерді іздестіру жұмыстары барысында 2011 жылдан бері кәмелетке толмаған баласына алимент төлемеген 40 жастағы ер адамды анықтаған. Қарыз сомасы 10 миллион теңгеден асып кеткен.
«Көші-қон қызметіне хабарласқан жеке сот орындаушысының қаулысымен алимент өндірушіге сот шешімін орындамағаны үшін іздестіру жарияланған. Тәртіп сақшылары борышкердің қайда екенін анықтады. Енді жақын арада сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады», — делінген ақпаратта.
Осы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысының полицейлері баласына алимент төлемей жүрген 35 адамды анықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!