Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады
«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 15 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
08:05 15.11.2024
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан Республикасының көп бөлігінде қар жауады.
— Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, елдің солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!