Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Фото: Ақмола облысының әкімдігі
09:10 15.11.2024
Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын және Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтады.
Еңбек жолын 2014 жылы Алматы қаласындағы жеке логистикалық компанияда маман ретінде бастаған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ цифрландыру офисінде маман, менеджер, бас менеджер, сервис бойынша басқарушы директор лауазымдарын атқарды.
2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде жұмыс істеген. «Цифрлық трансформация қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директорының орынбасары болды.
Тағайындалғанға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ сапаны бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған.
Ақмола облысының өңірлік кадрлық резервіне енгізілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!