{metadescription}
Елімізде көлік саласындағы ғылыми институт құрылады

Елімізде көлік саласындағы ғылыми институт құрылады

Көлік министрлігі саланың бүкіл мәселесін ғылыми тұрғыдан зерттейтін институт құрмақшы.

Көпшілік талқылауына шығарылған заң жобасында аталмыш институтқа қандай функция берілетін айтылған. Нақты айтсақ, уәкілетті органға талдамалық, консультациялық, ақпараттық, техникалық қолдау көрсету жүктеледі.

Сондай-ақ, көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру, халықаралық келіссөздер мен халықаралық келісімдердің жобаларын әзірлеуге атсалысу, көлік-логистика саласына талдау жүргізу, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау функциялары бар.

Көлік саласындағы мемлекеттік жоспарларды жүйелеу, саладағы реформаларды ғылыми негіздеу, көлік саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, ақпараттық жүйелерді әзірлеп, сүйемелдеу, ақпараттық жүйелердің техникалық аудитін жүргізу, цифрлық трансформацияны іске асыру. Бұл функциялар да аталмыш институттың міндетіне кірмек. 

Көлік саласындағы ақпараттық хабарламаларды, журналдар мен тақырыптық жинақтарды, ғылыми әдебиеттерді дайындап тарату да осы институттың мойнына жүктеледі. Сонымен бірге форумдар, конференциялар, семинарлар, тренингтер, кездесулер өткізуге жауапты болады.

Құжаттың түсіндірмесі жазбасында мұндай институт Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Қытай, Ресей сияқты елдердің тәжірибесінде бар екені айтылған.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде