{metadescription}
Астанада қарлы бораннан пайда болған кептеліс жол қозғалысына қалай әсер етті

Астанада қарлы бораннан пайда болған кептеліс жол қозғалысына қалай әсер етті

Астанада бірнеше күн бойы қалың қар жауып, қала көшелерінде кептеліс тудырды.

Sergek ITS сарапшылары қар жаумаған 5 қараша мен қарлы боран болған 11 қараша күндерінде жолдардағы орташа жылдамдықты салыстырып көрді. Әдеттегідей, Астанада ең көп кептеліс Тұран, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел даңғылдары мен Түркістан көшесінде болды.

Тұрақты тығыздық таңертеңгі 8:00 мен 9:00 аралығында және кешкі 18:00 мен 19:00 аралығында байқалды. Кейбір көшелердегі кептелістер әдеттегі уақыттан бір сағатқа созылып кетті.

Мысалы, 11 қараша күні таңертең Тұран даңғылында (солтүстік бағытта) көлік жылдамдығы шамамен төрттен бірге төмендеді, ал Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдарында және Түркістан көшесінде жылдамдық бірден үштен бірге азайды. Мәңгілік Ел даңғылындағы кептелістің шыңы таңғы 10:00-ге келіп, орташа жылдамдық 27 км/сағаттан 16 км/сағатқа дейін төмендеді.

Кешкі уақытта ең төменгі жылдамдық Қабанбай батыр даңғылында тіркелді. 19:00 мен 20:00 аралығында бұл жолда орташа жылдамдық екі есе кеміді — ашық ауа райында 23 км/сағат болса, қарлы боран күні 12 км/сағатқа дейін төмендеген. Жалпы алғанда, интеллектуалды көлік жүйесінің деректеріне сүйенсек, жүргізушілердің орташа қозғалыс жылдамдығы шамамен 30%-ға азайған. Яғни, астаналықтар өздеріне қажетті жерге жету үшін 43%-ға көп уақыт жұмсауы керек.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде